БҚО-да 400-ден астам сақшы мерекелік марапатқа ие болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 72 жылдығына орай ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты шара өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алдымен ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың құттықтау хаты оқылды. Бұдан кейін департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ғани Төлебаев сала ардагерлері мен әріптестерімен қос мерекемен құттықтап, ел  тыныштығын сақтауға өз үлесін қосып келе жатқан сақшыларға алғысын білдірді.

Салтанатты жиында тәртіп сақшыларының бірқатары арнаулы шендер алса, мінсіз қызметімен көзге түскен полицейлер түрлі марапатқа ие болды. Мысалы, БҚО ІІД жол-патрульдік полиция батальонының полицейі Серік Ирмұхамбетов «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін» кеудебелгісімен марапатталса, Теректі ауданы Ақжайық полиция бөлімінің аға тергеушісі, полиция майоры Асылбек Тілеков ҚР ІІМ Құрмет грамотасына ие болды. Осы күні ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен 12 және БҚО ІІД бастығының бұйрығымен 413 қызметкер марапатталды.

Соңғы жаңалықтар