БҚО-да 5 адам қаза тапқан жол апаты: кішкентай сәбидің жағдайы ауыр
Батыс Қазақстан облысында 5 адам қаза тапқан жол апатынан кейін ауруханаға жеткізілген сәбидің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Kazinform.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2022 жылғы (1 жас 9 ай) сәби анасымен бірге келе жатқан.
«Жол апаты салдарынан анасы қайтыс болған да, ұл бала түрлі жарақатпен Жаңақала аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта екінші дәрежедегі травматикалық шок алған нәрестенің жағдайы тұрақты ауыр. Аудандық аурухана дәрігері және медбикемен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасының нейрохирургия-травматология бөліміне жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 5 адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.