БҚО-да 5 жасар баланың токқа соғылу дерегі бойынша іс сотқа жолданды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 5 жасар баланың токқа соғылу дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, іс ҚР ҚК 371-бабы 2-бөлігіне (абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) сәйкес тергелген.

«Қылмыстық іс «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС Жаңақала ауданы бойынша басшылығына қозғалған. Істі Жаңақала аудандық соты қарайтын болады. Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам белгілі бір лауазымды атқару немесе бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ток соғып, екі қолынан айырылған бала оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда ток соғып, екі қолынан айырылған баланың ата-анасына пәтер берілді.


Соңғы жаңалықтар
telegram