БҚО-да 600-ден астам қару жойылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - «ҚазАрмаПром» зауытында 160-тан астам қару жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да 600-ден астам қару жойылды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қару зауыт пештерінде балқытылып, одан 200 келідей металл алынды.

Жойылған қару ішінде 134 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 22 газды тапанша, 1 травматикалық тапанша, 1 шолақ мылтық бар.
null 

Тұрғындар өз еркімен тапсырған, сондай-ақ айғақ зат ретінде тәркіленген қарулар тоқсан сайын жойылып отырады. Бұл - биылғы соңғы шара.

Айта кетейік, жыл бойы өңірде 600-ден астам қару жойылды.