БҚО-да 8 түркиялық азамат заңсыз «қонаққа келген»

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 8 түркиялық азамат заңсыз «қонаққа келген», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қазақстан аумағында заңсыз жүрген Түркия азаматтары ұсталды.

«22 ақпан күні Ақсай қаласындағы жеке үйлердің бірінде тіркелмеген және визасы жоқ 8 түркиялық азамат анықталды. Шетелдіктер мұны өздерінің бұрынғы жерлесіне қонаққа келгенімен түсіндірді. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 517-бабы 4-бөлігіне (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша шетелдіктерге 25 АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе Қазақстан аумағынан шығарылуы мүмкін. Сонымен қатар шетелдіктерді қабылдаған тұрғынға қатысты 518-бап 2-бөлігі (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік материал толтырылды. Бұл бап бойынша шетелдіктерді қабылдаған тұрғынға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Аталған материалдар бойынша шешімді Бөрлі ауданының әкімшілік соты қабылдайды», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Нигерияның 2 азаматы ұсталғанын жазған болатынбыз.

Фото: БҚО ПД баспасөз қыхметі


Соңғы жаңалықтар
telegram