БҚО-да 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл 8 900 жаңа жұмыс орнын ашу көзделсе, биылғы тоғыз айдың өзінде мұның саны 9 056-ға жетті.
None
None

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жанат Асантаевтың Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында мәлім еткеніндей, соның ішінде 4 442-сі немесе 49,1 пайызы - тұрақты жұмыс орны.

Оның айтуынша, Елбасы тапсырмаларына сәйкес халықты жұмыспен қамту, тұрғындардың мемлекеттік және салалық бағдарламаларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету бағытында өңірде жоспарлы істер атқарылуда.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 17 167 адам өтініш білдірсе, 2 526 адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Жұмыссыздық деңгейі - 0,8 пайыз. Жұмыссыздықты азайту мақсатында жасалған кешенді жоспарға сәйкес 2016 жылы 16 025 адамды жұмыспен қамту шараларына көзделген еді. Тоғыз айда 15 291 адам (95,4 пайыз) әлеуметтік қолдау шараларына қол жеткізсе, соның 13 968-і (91,3 пайыз) - жұмыссыздар, 1 323-і (8,7 пайыз) - өзін-өзі қамтушылар. 1 161 адам бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тартылса, 801 адам біліктілігін көтеруге жолданды. 902 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді.

Жастар тәжірибесі оқу орындары түлектері арасында кеңінен қолданылып келеді. Бұл жас мамандардың бастапқы тәжірибе жинақтап, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Күні бүгін осы мақсатта 1 161 түлек жастар тәжірибесімен қамтылды.

Адамдарды қоғамдық жұмыстарға тарту, әсіресе, ауылдық жерде маңызды. Облыс бойынша 6 012 адам осындай жұмысқа тартылса, соның 4 603-і - ауыл тұрғындары. Оған қоса ауыл тұрғындарының өз кәсібін ұйымдастыруы мен кеңейтуі үшін 310 адамға шағын несие берілді.

Жұмыс берушілерден түскен бос жұмыс орындарына 4944 адам орналастырылды.

Жұмыссыздарды еңбекке орналастыруда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі маңызды рөл атқарады. Жыл басынан бері 54 жәрмеңке ұйымдастырылып, соның нәтижесінде 928 адам жұмыс орнын тапты, 601 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, 38 адам оқуға, 99-ы әлеуметтік жұмыс орындарына, 195 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді.

«Елімізде дағдарыстың алдын алып, тұрғындарды барынша жұмыспен қамту мақсатында 2011 жылдан бері «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылып келе жатқаны белгілі. Бұл ретте ауылдық жерде тұратын жастар мен әйелдерге басымдық беріледі. Биыл аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін облысқа 5 179,1 млн теңге бөлінді. Оның бірінші бағыты бойынша 215 нысанды жөндеп, 2 327 жаңа жұмыс орнын ашып, 1 173 адамды орналастыру көзделген болатын. Тоғыз айда 46 нысан жөнделіп, соның 9-ында жұмыс аяқталды. 983 жұмыс орны ашылып, 493 адам орналастырылды. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 225 адам 571,6 млн теңге несиені мал шаруашылығын дамытуға пайдаланды. Сондай-ақ 28 адам 67,8 млн теңгені қызмет көрсету, 18 адам 46,5 млн теңгені өңдеу өнеркәсібі, 9 адам 21,9 млн теңгені қоғамдық тамақтандыру, 30 адам 78,9 млн теңгені басқа салаларға бағыштады. Шағын несие алушылар 708 жұмыс орнын ашты. Бағдарламаның үшінші бағытына сәйкес жұмыссыздар тегін оқып, еңбекке орналасуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге тұрғындардың мақсатты топтарынан 374 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 564 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді. Қалған жұмыстар жыл аяғына дейін кезегімен атқарылатын болады», деді Ж.Асантаев.

null  

Соңғы жаңалықтар