БҚО-да адасып кеткен қойшы құтқарылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында боран кезінде адасып кеткен қойшы құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Лейла Әбдірахманованың айтуынша, Ақжайық ауданы Томпақ ауылының тұрғыны 22 желтоқсан күні таңертең қой бағуға шыққан. Әйтсе де күндіз боран басталып, ер адам бағытынан айрылып, адасып кеткен. Бұл туралы мәлімет құтқарушыларға 23 желтоқсанға қараған түнгі сағат 00.40-та түскен.
Аудан орталығы Чапаев ауылында орналасқан №6 жедел құтқару жасағынан бес адам мен арнайы автомобиль іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған. Сондай-ақ Ақжайық ауданы өрт сөндіру бөлімінен тағы бір автокөлік қосылған. Қойшыны іздеуге жергілікті мекемелер қызметкерлері мен тұрғындар да өз автокөліктерімен шығып, түнгі уақытта қолайсыз ауа райына қарамастан, Томпақтан Тайпақ ауылына дейінгі аралықты сүзіп шықты.
Сағат 06.20-да әбден тоңған ер адам Томпақ ауылынан жеті шақырым жерден табылды. Құтқарушылар оған алғашқы жәрдем көрсеткеннен кейін қойшы үйіне жеткізілді.
null 

Соңғы жаңалықтар