Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО-да Ақтөбе — Орал жолындағы көпірде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

АСТАНА. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысындағы Шаған өзені арқылы өтетін көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

көпір
Фото: Видеодан скрин

Батыс Қазақстан облысында халықаралық маңызы бар KAZ10 «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы (Сырым ө/п) автомобиль жолының 247-шақырымындағы Шаған өзені арқылы өтетін көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

— Осыған байланысты 2026 жылғы 22 тамыз күні сағат 05:00–ден 12:00–ге дейін аталған учаскеде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс уақытша шектеледі. Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын 22 шілдеде Батыс Қазақстанда Шаған өзенінен өтетін көпір жабылатыны айтылды.