БҚО-да «Алтын ұя» отбасылар байқауында ақжайықтық Биғазиевтер жеңімпаз атанды
ОРАЛ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында дәстүрлі «Алтын ұя» отбасылар байқауы мәреге жетті.
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының қолдауымен облыстық білім басқармасы өткізген қорытынды сайысқа қалалық, аудандық кезеңдерде жеңімпаз атанған 13 отбасы қатысты. Олар өздері әкелген қолөнер туындыларын ұсынып, өз өнерлерін көрсетті. Түрлі сауалдарға да жауап берді. Әсіресе, атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнердің жарқырай көрінуіне ерекше мән берілді.
Байқау қорытындысында Ақжайық ауданынан келген Сағындық Биғазиевтің отбасы бас жүлдені жеңіп алды. Оралдық Жолымбетовтер - бірінші, сырымдық Қыдырғалиевтер - екінші, жаңақалалық Қабашевтар үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ отбасылар түрлі аталымдар бойынша да марапатталды.