БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты жол жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты автожол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша қатты жел мен көктайғаққа байланысты 27 күнгі сағат 10.05-тен бастап Чапаев-Жалпақтал-Қазталов жолы жабылды.

Чапаев-Қазталов аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Бұл туралы БҚО ТЖ департаменті хабарлады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болатынын, шетел азаматы жүк көлігімен трассада қалып қойғанын жазған едік.

Бүгін Орал қаласында да күн боран болып тұр.





Соңғы жаңалықтар