БҚО-да ауыз су беру құнын субсидиялау үшін 916,4 млн теңге қаралмақ

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы ауылдарында биыл ауыз суды субсидиялау үшін 916,4 млн теңге қажет, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиевтің айтуынша, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферт есебінде 717,5 млн теңге бөлінді. Осы қаржыға өңірдегі 78 елді мекен тұрғындарына 5 топтық және 47 оқшау су құбырлары бойынша ауыз су беру құнын субсидиялау жоспарлануда. Оған қоса аталмыш басқарма судың құны 1 текше метрі үшін 250-ден 700 теңгеге дейін құрайтын 44 елді мекенді «Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне» енгізу жөнінде ҚР Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне құжаттар жіберді. Бұл ауылдарды субсидиялау үшін 251,1 млн теңге (ауыз су көлемі 878,9 мың текше метр) керек. Сонда тағы 43,5 мың ауыл халқына суға субсидия берілмекші.

Айта кетейік, 2016 жылы 78 елді мекендегі (128627 адам) 405,2 мың текше метр көлеміндегі ауыз су беру құнын субсидиялау үшін 866,7 млн. теңге қаралып, игерілген болатын. 

Соңғы жаңалықтар