БҚО-да автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуы: Жүргізуші ауыр халде жатыр
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысындағы жол апатынан жарақат алған адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Ақжайық аудандық орталық ауруханасында жатқан 1983 жылғы ер адамның миы шайқалған, жабық бас-ми жарақатын алған. Іші мен кеуде тұсына зақым келген. Қазір жағдайы қалыпты, есін жиған.
Еске сала кетейік, кеше Орал-Атырау жолының бойында, Ақжайық ауданы аумағында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан қос бірдей жүргізушінің (Өзбекстан азаматтары) қаза тапқанын жазған болатынбыз. Ал автобуста болған екінші жүргізуші, Жамбыл облысының тұрғыны аудандық ауруханаға жеткізілген еді.
Фото: baddrug.news