БҚО-да автокөлік жылқыға соғылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыға соқтығысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімі жол полициясының аға инспекторы Айбек Арсеновтің айтуынша, оқиға бүгін сағат 06.45 шамасында Жымпиты-Қарақамыс жолының 93-шақырымында орын алды. «Lada 21703» ныспылы автокөлік жол бойында жайылып жүрген екі бас жылқымен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан жылқының екеуі де мерт болды. Абырой болғанда, адамдар аман.
Малдың иесі анықталып, жылқыны қараусыз жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.