БҚО-да Азамат соғысы кезінен қалған снаряд табылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданы Ілбішін ауылының тұрғыны үйіне су өткізбекші болып, қазу жұмыстарымен айналысқан кезде Азамат соғысынан қалған снарядты тапты.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тұрғынның үйінен 5 метр жерде жатқан снарядтың ұзындығы 32 см, диаметрі 76 мм болып шықты.
Жарылғыш зат арнайы мамандардың қатысуымен барлық қауіпсіздік шаралары қолданыла отырып, жойылды.
Айта кетейік, БҚО аумағында Азамат және Ұлы Отан соғысы кезінен қалған снарядтар бұдан бұрын да табылған болатын.