БҚО-да әжетханаға тасталған шақалақ тірі туған – дәрігерлер

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қыз шақалақты тірі туған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да әжетханаға тасталған шақалақ тірі туған – дәрігерлер

Бұдан бұрын жазғанымыздай, Қазталов ауданы Жаңажол ауылында 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін пакетке салып, әжетханаға тастаған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес шақалақ үсіп өлген. Ауруханада жатқан қызбен психологтар жұмыс істеуде.