БҚО-да балалар шығармашылығы байқауы мәреге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Жайық Пресс» ЖШС мәжіліс залында бүгін облыстық «Орал өңірі» газеті редакциясы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырған дәстүрлі балалар шығармашылығы байқауының жүлдегерлері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

БҚО-да балалар шығармашылығы байқауы мәреге жетті

Газеттің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, өзі де балаларға арнап туындылар жазатын Бауыржан Ғұбайдуллиннің айтуынша, жас жеткіншектерді әдебиет әлеміне жетелеу, оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында аталмыш байқау жылма-жыл өткізіліп келеді. Биыл аудандар ғана емес, қала мектептерінен қатысушылардың көбеюі қуантады. Олар өз шығармаларына Тәуелсіздік, Желтоқсан көтерілісі,  спорт, туған жер және басқа тақырыптарды арқау еткен. Алдағы жылы бұл байқау облыстық газеттің 100 жылдық торқалы тойына арналмақшы.
null  

Сонымен, Жаңақала ауданынан Жаңақала мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Ерасыл Жұпмағамбет, Қаратөбе ауданы Егіндікөл орта мектебінің 5-сынып шәкірті Кәмила Төлегенова, Орал қаласындағы №47 мектептен Ақерке Жылқайдар, №2 мектептен Арман Бағдатұлы, №19 мектептен Бекнұр Шатұлан, №1 мектептен Ақкербез Бауыржанқызы мен Ағынғали Жаныс түрлі аталымдар бойынша үздік шығып, оларға диплом, ақшалай және заттай сыйлықтар табыс етілді.
null  

Айта кетейік, байқауға «Мақсат» медицина колледжі (директоры Мақсот Берген), «Казконтракшнгрупп» ЖШС (Құсайын Бақтиярұлы) және Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы демеушілік етті. 
null null