БҚО-да балықшы суға кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында балықшы суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да балықшы суға кетті

Қайғылы оқиға Зеленов ауданы Рубежка ауылында орын алды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 21 қазан күні сағат 16.10-да Жайық өзенінен 1966 жылғы ер адамның мүрдесі шығарылды.

Марқұм 20 қазан күні балық аулап жүріп суға батып кеткен. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Іздестіру жұмыстарына 1 техника, 1 қайығы бар 4 құтқарушы жұмылдырылды.

Қайғылы оқиғаға байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балық аулау кезінде сақ болу қажеттігін ескертеді.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында төрт бірдей балықшының суға кеткенін жазған болатынбыз.