БҚО-да бауырларын өрттен алып шыққан 16 жастағы қыз марапатталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында 16 жастағы Дана Өтебаева ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздік мерекесіне орай өткен салтанатты іс-шарада Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев марапатты Дана Өтебаеваға табыс етті.

Еске салсақ, Жәнібек ауылында тұрғын үйде болған өрттен 37 жастағы әйел – Дананың анасы қаза болған еді. Дана Өтебаева өрт сөндірушілер жеткенге дейін өзінен кіші үш бауырын терезеден шығарып, құтқарып қалды.

Қазіргі кезде төрт бала көршілес Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылындағы нағашы әжелерінің қолында. Оқиғадан кейін балалардың мәселесі жергілікті әкімдік жанындағы комиссия отырысында қаралып, олар әжесінің қамқорлығына берілді. Дана Жәнібек ауылындағы Т.Жароков атындағы орта мектептің 11-сыныбында білім алып келген еді. Күні бүгін Сайқындағы М.С.Бабажанов атындағы орта мектепте оқуын жалғастыруда.




Соңғы жаңалықтар