БҚО-да «Бәйтерек» базарында контейнерлер өртенді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Зеленов ауданы Мичурин ауылындағы «Бәйтерек» автобазарында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Придорожная көшесі 18-мекенжайында орналасқан базарда сағат 08.36 шамасында 4 вагон мен 2 контейнер жанған.
Сағат 09.51-де сөндірілген өрт аумағы 110 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала болжам бойынша от электр құрал-жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан шыққан.
Қазіргі кезде өрттен келген шығын, кінәлілер анықталу үстінде.