БҚО-да бір жасар сәби құдыққа түсіп кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанда бір жасар сәби құдыққа түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 13.00-де Ақсай қаласы Аралтал ауылында орын алды.
Бота көшесі, 37 мекенжайында жеке үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылғы сәби құдыққа құлап кеткен.
Оның денесін туысқандары шығарып алды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.