БҚО-да биыл 2600 тонна ет экспорттау көзделуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл 2600 тонна ет экспорттау көзделуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Халиуллиннің айтуынша, соның ішінде 2420 сиыр және 180 тонна  қой еті жөнелтілмек. Жалпы, батысқазақстандық кәсіпорындар етті негізінен Иран, Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы қалаларына шығаруда. Өткен жылы 1700-ден астам сиыр және 505 тонна қой еті экспортталды.
null 

«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Біздің өңірдің өнімдеріне қызығушылық танытып отырған басқа да елдер бар. Олармен де келіссөздер жүргізілуде», деді Ж.Халиуллин.

Биылғы жыл басынан бері 37 тонна сиыр және 32 тонна қой еті экспортқа шығарылды. Оған қоса кешеден бері өңірдегі осы бағыттағы белгілі кәсіпорынның бірі - «Кублей» ЖШС-дан 40 тонна қой еті Иранға жөнелтілді. Серіктестіктің техникалық директоры Рахым Нағметовтің сөзіне қарағанда, мұнда экологиялық таза өнім өндіріледі. Ол сапасы жөнінен барлық талаптарға сай келеді. Бұған дейін 200 тоннадан астам Иранға ет шығарған кәсіпорын тек осы елге ғана емес, сондай-ақ Ресей, Қытайға да өнім жөнелтуді жоспарлап отыр.  

null 

Соңғы жаңалықтар