БҚО-да боранда үсіп кеткен тұрғынның денесі табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақжайық ауданында Жаңабұлақ ауылдық округінің 1966 жылғы тұрғыны Т-ның денесі даладан табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО-да боранда үсіп кеткен тұрғынның денесі табылды

Ақжайық аудандық жедел құтқару жасағының басшысы Марат Қабақаевтың айтуынша, аталған тұрғын Чернышев елді мекенінде малшының көмекшісі болып жұмыс жасаған, отбасын құрмаған адам екен. 26 қаңтар күні сол күні кешкісін шығып кетеді. Ол алты шақырым жердегі Железнов елді мекенін бетке алып, жолда адасып кеткен секілді.

Т-ны іздеу жұмыстары бірнеше күн жалғасып, үсіп кеткен денесі Железновтан 1,5 км жерден табылды.

Айта кетейік, ауданда мұндай оқиға биыл бірінші рет тіркеліп отыр.