БҚО-да боранға байланысты республикалық жолдар жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да боранға байланысты республикалық жолдар жабылды

«Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 17 наурыз күні жергілікті сағат 21.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық Атырау-Орал (492-189 км, Орал қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін) және Орал-Тасқала- РФ шекарасы (31-104 км, Переметный ауылынан РФ шекарасына дейін) жолдарында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Жабылу себебі – қатты бұрқасын (көру шегі 50 метрге дейін). Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын хабарлады.

Жәнібек ауданынан Оралға сапарлап келе жатқан жолаушылар да боран мен көктайғаққа байланысты автокөліктің әзер жүріп келе жатқанын жеткізді.