БҚО-да бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болмақ

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 29 наурызда облыстың кей жерлерінде күн жауын-шашынды болып, бұрқасын көтеріліп, көктайғаққа ұласады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетуі ықтимал, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО-да бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болмақ

БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісі, аазаматтық қорғау майоры Нұрболат Мұқажановтың айтуынша, Орал қаласында да жауын-шашын болып, желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетпек.

Осыған байланысты тұрғындар арасында төтенше жағдайға жол бермеу, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты жұмысын, электр және байланыс желілерінің үзілмеуін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар алынуда.