БҚО-да бұрқасын соғып, көктайғақ болады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, облыстың кей жерлерінде ертең бұрқасын соғып, көктайғақ болмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО-да бұрқасын соғып, көктайғақ болады

Күн жауынды-шашынды болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Орал қаласында да осындай ауа райы орын алып, желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, екпіні 18 метрге дейін жетуі ықтимал.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынуда.