БҚО-да бұршақ жауады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО-да бұршақ жауады

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 19 мамыр күні кей жерлерде дауыл тұрып, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы да ықтимал.

Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

Орал қаласында да күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.

БҚО ТЖ департаменті осыған байланысты төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті күш-құралдар дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.