БҚО-да дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ басшысы Жарас Ахановқа қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО-да дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде

Аталмыш басқарма заңгері Әділ Нұрмұқановтың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы БҚО бойынша департаментінен заңбұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс түскен болатын. Соған байланысты жүргізіліп жатқан қызметтік тексеру қорытындысы 8 наурыздан кейін белгілі болады. Өткен жылы «Жайық» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының бұрынғы директоры Қайыржан Арыстанғалиевке қатысты бюджеттік қаржыны жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Әйтсе де бұл қылмыстық іс биылғы қаңтарда қысқартылды. Жарас Аханов осы іске куә ретінде тартылған еді.