БҚО-да екі адам 68 жастағы әйелден 300 мың теңге бопсалаған

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында 1957 жылғы әйелді бопсалаған екі ер адам ұсталды.

БҚО-да екі адам 68 жастағы әйелден 300 мың теңге бопсалаған
Фото: БҚО полиция департаменті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, олар 68 жастағы зейнеткерден 300 мың теңге талап еткен.

Күдіктілер егде жастағы әйелді қорқытып, немересін аман-есен көргісі келсе, аталған көлемдегі ақшаны беруін сұраған. 

— Немересі бұған дейін күдіктінің бірінің туысымен некеде болғандығы анықталды. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер бопсалаушыларды 50 мың теңге алып жатқан жерінде ұстады. Жәбірленуші бұған дейін оларға 200 мың теңге берген. Тергеу барысында күдіктілердің бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Олардың бірі жазасын өтеу орнынан шыққаннан кейін небәрі 20 күннен соң қайта қылмыс жасаған. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Күдіктілер үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын оралдық тұрғындардың туристік фирмадан 5 млн теңге өндіріп алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар