БҚО-да екі автобус соқтығысып, үш адам ауыр жарақат алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 31 қазан күні шамамен таңғы сағат 08.20-да Қарашығанақ кеніші аумағында, Ақсай-Тұңғыш жолының оңтүстік бағытының 20-шақырымында екі жолаушылар автобусы соқтығысты.

БҚО-да екі автобус соқтығысып, үш адам ауыр жарақат алды

Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, 54 жасар жүргізуші «Елжас» ЖШС-на тиесілі «ПАЗ-32054» автобусымен қолайсыз ауа райын ескермей, қарсы бетке шығып кетіп, «Қазақстан Елім» ЖШС-да жұмыс жасайтын 51 жасар жүргізуші айдап келе жатқан «Golden Gragon Xmi6127jr» автобусымен түйіскен.

Соның салдарынан «ПАЗ-32054» автобусының жүргізушісі жабық бас-ми жарақатын алып, қабырғасы сынған. Тағы екі жолаушы басынан ауыр жарақат алып, сынған-шыққан жерлері де бар. Барлығы 7 адам жарақат алған.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

null