БҚО-да екі автокөлік соқтығысып, 60 жастағы әйел мерт болды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, 60 жастағы әйел мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 21 ақпан күні сағат 20.30-да Теректі ауданы аумағында болды.
Подстепный-Елек жолының 29-шақырымында 61 жастағы жүргізуші рулінде болған «Лада Гранта» мен 1965 жылғы Орал қаласының тұрғыны айдап келе жатқан «КИА» автокөлігі бетпе-бет соқтығысқан.
Соның салдарынан «Лада Гранта» автокөлігінде отырған 1962 жылғы жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
БҚО полиция департаменті жүргізушілерге ауа райын ескере отырып, жол жүру ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тұманға байланысты бірнеше республикалық жол жабылғанын жазған болатынбыз.