БҚО-да екі жүкті әйел мінген көлік қар құрсауынан құтқарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қар құрсауынан кешеден бері 94 адам (үшеуі - балалар) құтқарылып, 25 техника шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, сондай-ақ 22 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Аталған деректер Сырым, Шыңғырлау және Бәйтерек аудандарында тіркелді.

Атап айтқанда, кеше сағат түнгі он екі шамасында Ақсай-Шыңғырлау жолының 64-шақырымында, Ащысай ауылынан екі шақырым жерде 22 жеңіл және 2 «ГАЗель» жолаушылар көлігіне көмек көрсетілді. Оларда 91 адам болған.

Сондай-ақ 22 ақпанға қараған түні Сырым ауданында Жымпиты-Ақсай жолының 11-шақырымында жеңіл көлік тазартылған жерге шығарылды. Оның ішінде үш адам болған, екеуі - жүкті әйелдер.

22 ақпан күні таңғы сағат бесте Шыңғырлау ауданында Шыңғырлау-Ардақ жолының 20-шақырымында 6 жеңіл машинаға және жолаушылар отырған «УАЗ» автокөлігіне көмек көрсетілді. Оларда болған 20 адам эвакуацияланды.

Осылайша жыл басынан бері қар құрсауынан құтқарылғандар саны 903 адамға жетті. 204 адам эвакуацияланды, 405 техника тазартылған жолға шығарылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

Кеше сондай-ақ құтқарушылар Бәйтерек ауданында ауырып қалған бес айлық сәбиді ауруханаға жеткізді.

Өңірде қардың көптігінен тағы бір үйдің төбесі құлады.

Кеше боранға байланысты жолдар жабылды.

Соңғы жаңалықтар