БҚО-да электр бағандарының құлауы салдарынан екі ауыл жарықсыз қалды

Kazenergy предлагает решить проблему дефицита электроэнергии при помощи нефтегазовых компаний
Фото: freepik.com

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы 6 маусым күні күшті желдің салдарынан электр бағандары құлап, Ақжайық, Сырым, Теректі аудандарының 10 ауылы (1 435 жеке тұрғын үй, 25 әлеуметтік нысан) жарықсыз қалды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 9 маусым күнгі сағат 20.00-дегі мәлімет бойынша Сырым ауданында Аралтөбе (50 абонент, 2 әлеуметтік нысан), Бұлан (176 абонент, 7 әлеуметтік нысан), Өлеңті (100 абонент, 2 әлеуметтік нысан), Талдыбұлақ (46 абонент, 1 әлеуметтік нысан), ішінара Алғабас (43 абонент, 3 әлеуметтік нысан) елді мекендерінде, сондай-ақ Теректіде Ақсоғым ауылында (531 абонент, 4 әлеуметтік нысан) электр жарығы қалпына келтірілді.

«Қазіргі кезде Сырым ауданында Алғабас елді мекенінде 19 абонент, Теректіде Үлкен Еңбек ауылында 385 абонент, 3 әлеуметтік нысан жарықсыз қалып отыр. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Департамент мәліметіне сәйкес сонымен қатар 6 маусым күні облыстың алты ауданында 25 елді мекенде екпіні секундына 14-тен 18 метрге дейін жеткен күшті жел 67 жеке тұрғын үй, 14 қора-қопсы, 18 әлеуметтік нысанның шатырын жұлып әкетті. Оқиға орындарында жергілікті атқарушы органдардың комиссиялары жұмыс жасап жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да салынып жатқан үйдің қабырғасы құлап қалуына байланысты аудан әкімі мен басқарма басшысына ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram