БҚО-да газдың шарпуынан әйел адам күйіп қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 29 қаңтар күні 16 сағат 55 минутта БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі №25 өрт бөліміне Зеленов ауданы Переметный ауылындағы Гагарин көшесі 134-мекенжайда бір пәтерлік үй сенесінде газ баллонынан өрт шыққаны жөнінде мәлімет түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 БҚО-да газдың шарпуынан әйел адам күйіп қалды

ТЖ департаментінен түскен дерекке қарағанда, газдың шарпуы салдарынан 16 шаршы метр аумақтағы сененің төбесі жанған. Оған қоса 1954 жылғы әйел жамбасынан, екі тізесінен, қолы мен бетінен 1 дәрежелі 25 пайыз күйік алған. 17 сағат 55 минутта беті қайтқан өрт 18.25-те толықтай сөндірілген.

Өрт сөндіруге 1 техника, 4 адам жұмылдырылды.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары, келтірілген шығын, кінәлілер анықталуда.