БҚО-да қалың тұман түсіп, күшті жел тұрады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 24 ақпан күні Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да қалың тұман түсіп, күшті жел тұрады

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, өңірдің кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Орал қаласында да тұман түсіп, желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.

БҚО ТЖ департаменті осыған байланысты төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынып жатқандығын жеткізді.