БҚО-да қалыңдық алып қашқандар жылқыға соғылып, 4 адам жансақтау бөліміне түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қалыңдық алып қашқандар автокөлікпен жылқыға соғылып, 4 адам жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 30 тамыз күні Бөрлі ауданында болды.

Шамамен сағат 22.30-да Пугачев ауылы маңында Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолының 27-шақырымында 1999 жылғы жүргізуші «Лада Приора» автокөлігімен 3 жылқыға соқтығысуға жол берді.

Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, олар қыз алып қашып, Оралдан Ақсай қаласына бара жатқан.

Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті. Соның ішінде төртеуі жансақтау бөліміне, біреуі хирургиялық бөлімшеге жатқызылды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жол апатынан зардап шеккен екі автокөлікте 11 адам болған. 2001, 2002 және 2003 жылғы қыздар, сондай-ақ 2003 жылғы жігіт жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған, денелері көгерген. Төртеуі де жансақтау бөлімінде. Жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, оған қоса мойын бөлігі сынған 1999 жылғы жігіт хирургиялық бөлімде. Денелері көгерген 1999, 2000, 2002 және 2003 жылғы екі жігіт амбулаторлық ем алуға жіберілді. 2000 жылғы жігіт дәрігерге қаралудан бас тартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда трактор аударылып, екі адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар