18:56, 13 Желтоқсан 2019 | GMT +6
БҚО-да «КамАЗ» көлігі өртеніп кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында «КамАЗ» көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 13 желтоқсан күні Теректі ауданы аумағында орын алды.
Подстепный-Федоров-РФ шекарасы жолының Долинный ауылы тұсында сағат 11.30-да «КамАЗ» (самосвал) автокөлігі жанды.
Өртті сөндіруге 4 адам 1 техникамен жетті. «Тілсіз жау» сағат 12.45-те ауыздықталды.
Айта кетейік, облыста жыл басынан бері автокөлікте 98 өрт тіркелді. Соның 71-і – жеңіл көлік, 15-і – жүк көлігі, біреуі – автобус, үшеуі – құрылыс техникасы, 8-і – ауыл шаруашылығы машиналары.