БҚО-да қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 20 желтоқсан күні өңірдің кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі.
Сондай-ақ тұман болып, бұрқасын көтерілуі ықтимал.
Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Оралда да қар аралас жаңбыр жауып, тұман, көктайғақ болуы, күндіз желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқандығын хабарлады.