БҚО-да қар құрсауынан 21 адам құтқарылды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - БҚО-да қар тұтқынынан 21 адам мен 6 көлік құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Дүйсенбі, 4 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Қамыстыкөл кентіне жақын жерде 21 адам (соның ішінде 2 бала) мен 6 техника бірлігі қар құрсауында қалып қойды.
Аудандық ТЖБ (2 адам мен 1 техника) Сайқұдық ауылдық округі әкімдігімен және жергілікті тұрғындармен бірлесіп көліктер адамдармен бірге жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды, олар қозғалыстарын әрі жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.