БҚО-да қарақшылық жасап, 47 жастағы әйелді өлтірген тұрғын ұсталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қарақшылық жасап, әйелді өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл оқиға ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігіне (қарақшылық) сәйкес қылмыстық істі тергеу барысында анықталды.
29 жастағы К. 7 қараша күні сағат 04.30-да қарақшылыққа ұласқан арам пиғылмен әрі өлтіру мақсатымен 47 жастағы Н. деген әйелдің үйіне заңсыз басып кірген.
Содан кейін әйелге әлденеше рет пышақ жұмсаған.
Соның салдарынан әйел 9 қараша күні Орал қалалық көпбейінді ауруханасында көз жұмды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.