БҚО-да карантин талабын бұзғандарға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында карантин талабын бұзғандарға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жыл басынан бері мониторинг топтары 25 нысанның шектеу шараларын бұзғандығын анықтады.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 64 хаттама толтырылып, 3 млн астам теңге көлемінде айыппұл салынды. Соның ішінде көпшілікпен өткізілген 15 іс-шара, бетперде кию талабын, арақашықтықты сақтамаудың 19, жұмыс режимін бұзудың 19, сағат 00.00-ден кейін жеке көлікпен жүрудің 11 дерегі тіркелді.

Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Облыста соңғы үш тәулікте 222 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталса, соның басым көпшілігі немесе 166-сы Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ соңғы үш күнде Бәйтерек ауданында 15, Тасқалада 13, Жәнібекте 7, Теректіде 6 адамның ауырғаны белгілі болды.

Өңірде осы кезге дейін 11872 адам дертке шалдықса, соның 9506-сы жазылып шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да оқушылар мен мұғалімдер арасында коронавирус жұқтыру көбейіп кетіп отырғанын, Оралда той сарайы балалар шығармашылығы орталығына айналғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар