БҚО-да Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішінде өрт болды

АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішінде өрт болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

    Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, кеше, желтоқсанның 23-і күні сағат 14.07-де Ақсай қаласында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» қазақстандық филиалына тиесілі Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішінде 4-5 метр биіктіктегі ыстық технологиялық құбырдың жылу ұстағышы жанды. Жану аумағы 2 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт салдарынан 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

  Тілсіз жау ТЖМ «Өрт сөндіруші» АҚ-ның өртке қарсы қызметінің 34 қызметкері және 4 бірлік техниканың күшімен сағат 15.11-де ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар