БҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде
ОРАЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 10-14 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.
Аталмыш шара қысқы Азия ойындары алдында ұйымдастырылып отыр. БҚО ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының инспекторы, полиция капитаны Динара Абдуқалиқованың айтуынша, шара мақсаты - Азиада қарсаңында жол-көлік оқиғаларының санын азайту. Бұл ретте автокөлік руліне мас күйінде отыру, құжатсыз жүргізу, жылдамдықты шектен тыс арттыру фактілеріне ерекше көңіл бөлінуде.
Өңірде жол ережесін бұзушылықты болдырмау мақсатында жол полициясы басқармасының жеке құрамы күшейтілген режимге көшірілді.