13:06, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
БҚО-да кісі өліміне соқтырған екі бірдей оқиға орын алды
ОРАЛ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында кісі өліміне соқтырған екі бірдей оқиға орын алды.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 7 қаңтар күні Самара-Шымкент күре жолы бойында «Ауди-100» автокөлігінің 30 жасар жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «УАЗ» автокөлігімен соқтығысуға жол берді. Соның салдарынан «Ауди-100» автокөлігінің жолаушылары, 51 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмса, 35 жастағы әйел Орал қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілді.
8 қаңтарға қараған түні Ақжайық ауданының Ақбұлақ елді мекенінде 36 жастағы әйел спирттік ішімдік ішу кезінде шыққан ұрыс-керістің салдарынан 35 жастағы өз күйеуін пышақтап өлтірген. Әйел аудандық ішкі істер бөлімі жанындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.