БҚО-да көлік апаты болып, 3 бала зардап шекті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да көлік апаты болып, 3 бала зардап шекті

БҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 12 қыркүйек күні сағат 21.00-де Орал-Атырау жолының 50-шақырымында Ақжайық ауданы аумағында болды.

«ВАЗ-2109» автокөлігі «MAN» жүк көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнына трассалық медициналық-құтқару бекетінің қызметкерлері барып, төрт адам құтқарылды. Олардың біреуі 34 жастағы әйел болса, қалғандары – 15, 10 және 8 жасар балалар.

Бәрі де Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Ұлттық ұлан жауынгерінің жол апатына түскен жүргізушіні құтқарғанын жазған болатынбыз.