БҚО-да коронавирус анықталған балабақша карантинге жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус анықталған балабақша карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың мәлім еткеніндей, Бөрлі ауданындағы бір балабақшада тәрбиешінің көмекшісінен коронавирус табылды.

Науқас ЖРВИ белгілерімен емханаға жүгінген. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы оның індет жұқтырғанын көрсетті.

Балабақшада дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығынан сынама алынды. Қазір сынамалар зерттелу үстінде.

Бөрлі ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен аталған балабақша карантинге жабылды.

«Соңғы төрт тәулікте 18 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болса, соның 13-і Орал қаласының, үшеуі Бөрлі ауданының үлесіне тиеді. Шыңғырлау мен Қаратөбе аудандарында бір-бір адамнан ауырған. Солардың ішінде 75-80 жастағы егде адамдар да бар. Жалпы, облыста коронавирустың өсуі байқалады», деді М.Арыспаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирустан қайтқандардың 70 пайыздан астамы егде адамдар екендігін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар