БҚО-да коронавирус жұқтырған әйел шет елден келген

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған әйел шет елден келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі сағат 09.10-дағы мәлімет бойынша БҚО-ның 1959 жылғы тұрғынынан коронавирус анықталды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлім еткеніндей, шет елден келген әйел карантиндік стационарға жатқызылып, тест қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. Үй карантинінде болғанда, оның дене қызуы көтеріліп, зертханалық сынама алынған. Бұл жолы COVID-19 диагнозы қойылып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Науқаспен қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынды.

Осылайша БҚО-да ауырғандар саны 127-ге жетіп, соның 9-ы жазылып шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да медицина қызметкерлерінің бірі жазылып шыққанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар