18:35, 06 Мамыр 2020 | GMT +5
БҚО-да коронавирус жұқтырған бес адам Теңіз кен орнынан келген
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған соңғы бес адам Атырау облысындағы Теңіз кен орнынан келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, олардың бәрі де – өңір тұрғындары.
Барлығы індет жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандықтан, карантиндік стационарға жатқызылған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланып, бесеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Осылайша БҚО-да ауырғандар саны 208-ге жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО әкімінің коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлермен байланысқа шыққанын, соңғы анықталған 4 науқастың үшеуі шетелдіктер екендігін жазған болатынбыз.