БҚО-да коронавирус жұқтырған соңғы 11 науқастың 10-ы Теңіз кен орнынан келген

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған соңғы 11 науқастың 10-ы Теңіз кен орнынан келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, олардың бәрі де – облыс тұрғындары.

Көрші өңірден келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

Тағы бір науқас – 31 жастағы облыс тұрғыны. Ол бұрын коронавируспен ауырған адаммен қарым-қатынаста болған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 11 адамда COVID-19 диагнозы расталып, барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Осылайша БҚО-да ауырғандар саны 266-ға жетіп, соның 112-сі емделіп шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 2 мыңнан астам адамның үй карантинінде жатқандығын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар