БҚО-да коронавирустан көз жұмған 79 жастағы кейуана ауруы асқынғанша дәрігерге қаралмаған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирустан көз жұмған 79 жастағы кейуана үйінде өздігінен емделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 1941 жылғы тұрғын 22 мамыр күні ауырған. Әлсіздік пайда болып, қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, үйде өздігінен емделген, дәрігерге қаралмаған.

Жағдайы нашарлағаннан кейін 25 мамыр күні учаскелік дәрігерге жүгінген. 27 мамыр күні сағат 00.40-та ауыр халде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Марқұм 7 маусым күні сағат 17.30-да қайтыс болды.

Диагнозы: ауыр жағдайда өрбіген коронавирус жұқпасы. Екіжақты полисегментті пневмония. Сондай-ақ қосымша басқа да аурулары асқынып кеткен.

Осылайша БҚО-да коронавирустан көз жұмғандар саны 3-ке жетті. Кеше елімізде осы инфекциядан алты науқас қайтыс болған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 5 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырып алғанын жазған болатынбыз.






Соңғы жаңалықтар