БҚО-да қос автокөліктің түйісуі салдарынан жолаушы көз жұмды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 13 тамыз күні кешкі сағат 21.00-дер шамасында Орал-Атырау күре жолының 133-шақырымында 1982 жылғы жүргізуші «Volksvagen Passat» автокөлігінің сол жақ дөңгелегі істен шығуына байланысты қарсы бетке шығып кетіп, 1970 жылғы азамат айдап келе жатқан «HYUNDAI SANTAFE» көлігімен соқтығысуға жол берген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның салдарынан «Volksvagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген. Ал екінші автокөлікте отырған 1985 жылғы азаматша сол ауруханада көз жұмған.
Қазіргі кезде аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.